"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде наиб мүфтимен жүздесу жасалды

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде наиб мүфтимен жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін күндердің сұлтаны жұма күні Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" медресе-колледжіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы келіп, студенттермен жүздесті. 

Медресе директоры, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы наиб мүфтиді шәкірттермен және ұстаздармен таныстырып өтті. 

Ершат Ағыбайұлы өз сөзінде: "Медресе – діни ағартушылық ордасы. Ислам дінінің алғашқы төрт ғасырында медресе міндетін мешіт атқарды. Ардақты пайғамбар ﷺ Мадина қаласына көшіп келгенде, ең әуелі қолға алған жұмысы – мешіт құрылысы еді. Ал бүгінде елімізде арнайы мемлекеттік тұрғыда лицензияланған діни оқу орындары бар. Бұл - үлкен нығмет. Және онда шәкірт болып, дін ілімін меңгеру де үлкен бақыт, - деп атап өтті наиб мүфти. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының медреселерге үлкен қолдау көсетіп жатқанын, қашанда қолдау көрсететінін тілге тиек етті. 

Шәкірттер тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, дәлелді-дәйекті жауаптар алынды. 

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: