Жамбыл облысы әкімдігінің "Дін проблемаларын зерттеу орталығының" тілшілері Тараз шаһарына арнайы ат басын тіреген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлынан сұқбат алды. Түсірілім облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті жанынан ашылған "Дін мен дәстүр" мұражайында жасалды.
Келелі сұқбат "Мәдени антропология" төңірегінде өрбіді. Наиб мүфти тақырып аясында сүбелі ой, кестелі әңгіме айтып, тілшілердің сауалдарына мардымды, ой саларлық жауаптар берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі