Меркі ауданына қарасты Кеңес ауылы тұрғындары аналарға құрмет көрсетіп, ақ орамал жапты.
Ауыл имамы Молдашев Нұрболдың ұйытқы болуымен ауыл әкімшілігі, ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен ақ жаулықты аналарға ақ орамал жабылып, ақ дастархан жайылды.
Ақ дастархан басында ауыл имамы аналарымыздың діндегі орны туралы уағыз-насихат жүргізіп, үлкен апаларымызға мешіт атынан өз сыйлығын табыстады. Шара соңында, осы игі іске атсалысқан барша азаматтарымызға алғысымызды білдіреміз деп, ыстық лебізін білдірді!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі