"Қордай" аудандық мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен ұлттық мейрам "Әз-Наурыз" мерекелік кеші аталып өтті.
Елімізге "Жусан" операциясымен оралған отбасылар мерекелік жиынға арнайы шақырылып, қонақтар сый-сыяпат жасалды.
Дінмен ұласқан дәстүріміздің ғибраты насихатталып, ұлттық құндылықтар тілге тиек болды. Елге оралған келіншектерге бауырмашылық жасалып, рухани ортаның көрікті кешімен қуаныш сыйланды.
"Қордай" аудандық мешітінің баспасөз қызметі


06 Қараша 2025
15 Джумада-авваль 1447

