Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен орталық мешіт ауданға қарасты көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетті.
Бірнеше күн бұрын аудан бойынша 100 отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілген болатын. Ауданға қарасты ауыл-аймақтардан 100 адамның тізімі жазылып, сол тізім бойынша азық-түлік таратылған болатын. Солардың ішінде тізімге ілінбей қалғандары да келген еді. Соларды азық-түліктей қамтамасыз ету үшін аудан имамы барын салуда.
Атап айтсақ 5 отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік берілді. Келе алғандары орталық мешіттен алып кетті. Келе алмағандарына бас имам өзі жеткізіп берді.
Алла Тағала имамдарымыздың қызметіне разы болғай!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі