#Меркі ауданы: Әйел-қыздар арасында Құран жарыс өтті

#Меркі ауданы: Әйел-қыздар арасында Құран жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен орталық «Меркі ата» мешітінде Құранды мәнерлеп оқудан әйел-қыздар арасында жарыс өтті.

Жарыс Құран оқумен басталып, бас имам Азамат Берікұлының Алла Тағаланың сөзі болған Құранды оқу және оған деген махаббат туралы уағыз-насихат жүргізді.

Жарыс барысында әр қатысушыға Құранды мәнерлеп оқу, аяттарды тәжуид ережелеріне сай талдаудан үш сұрақ қойылды. Сыңақ нәтижесі бойынша үміткерлер арасынан озық шыққан үш орынға ақшалай сыйлық берілді.

1 орын - Қабылбекова Лаура (25 мын)

2 орын - Сағынтай Амина (15 мын)

3 орын - Тұрарбек Ақмаржан(10 мын)

Сонымен қатар сабаққа қатысып жүрген 4 апамызға ақжаулық, гүл және Құран оқуға ынтасы арту ниетімен тәжуид ережелерімен Құран сыйланды. Барлық қатысушыға ақшалай сыйлық берілді және ең жас (8 жас) қатысушымызға Құран сыйлыққа тарту етілді.

Жарыс соңында әйел-қыздар жамағаты мол дастарқан жайып, ұстаздар тарапынан Құран оқудың және соған сай өмір сүрудің маңыздылығы мен артықшылығы жайлы рухани әңгіме қозғалды.

Осы ізгі амалға қолдау көрсеткен Мұратбекова Панаркүл апамызды еске алып, демеушілік жасаған апамыздың ұрпақтарына алғыс білдіреміз!

Алла Тағала ниеттерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: