#Талас: Қасиетті "Бараат түні" аталып өтті

#Талас: Қасиетті "Бараат түні" аталып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Әбдірашит ата мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының ұйымдастыруымен қасиетті Бараат түнінің құрметіне мешітіміздің асханасында "Сауат ашу" курсының шәкірттеріне арнап кең көлемде дастархан жайылды.

Отырысқа себеп болған шағбан айының 14-түнінен 15-не қараған қасиетті Бараат түні болды. Ахат Қайыпбергенұлы осы түннің қадір-қасиеті туралы кең көлемде насихатын айтып, бүгінгі түнді бекер өткізбеуге шақырды. Шәкірттер керемет дәмнен ала отырып, уағыз насихатқа сусындады. Өз кезегінде, имам Ахат Қайыпбергенұлы білім алып жүрген шәкірттерге еліміздің болашағы жастардың қолында екендігіне айрықша тоқталып, оқуда ықыласты болуға, ыждағатты болуға үндеді.

Барша сауат ашу курсының шәкірттері ұстаздарына қайырлы отырысқа мұрындық болғаны үшін рахметтерін жаудырып, бүгінгі түнді барынша пайдалы өткізуге уағдаласты. Аталмыш отырысқа бас-аяғы 62 шәкірт қатысып, дастарханға 37 мың теңге жұмсалды.

"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: