Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігін зерделеу мақсатында аптасына ауыл мешіттерін аралап отырады.
Бұл жолғы кезек Талдыбұлақ ауылы «Шәкір» мешітіне келді. Намазға жиналған жамағатпен кездесіп, қал-жағдай сұрасып, уағыз-насихат жүргізді. Артынша мешітте тұрған діни әдебиеттерді тексеріп, жергілікті имамға бұл істі жіті қадағалау керектігін ескертті. Имам ұсыныстарын тыңдап, бірқатар тапсырмалар берді.
Алла Тағала имамдарымызға дін жолында күш-қуат берсін!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі