Қасиетті шағбан айында Алла Тағаланың разылығын көздеген мұсылман бауырларымыз Меркі ауданында үлкен қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты елді-мекен, ауыл-аймақтардан қамтылған мұқтаж отбасылардың тізімін құрып, орталық мешітке жинады.
Жиналған қауымға Алланың дінін насихаттап, Алланың хикметімен бір пенде бай, екіншісі мұқтаж болып, екеуінің арасындағы көпір осы қайырымдылық екенін атап өтті. Бір мұсылманның қиыншылығын жеңілдеткен адамның Алла ақыретте бір қиыншылықтан құтқаратындығын айтып, демеушілік жасап жатқан бауырларымызға алғысын білдірді.
Көмек алған отбасылар алғыстарын білдіріп, қуанып қалды.
Мұқтаждардықуантып, қуаныш сыйлаған бауырларымызды Алла Тағала осы дүниеде де, ақыретте де қуандырсын!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі