#Тараз: «Әке – отбасының тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтті

#Тараз: «Әке – отбасының тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оқушылар сарайында «Ізгі қоғам» аясында «Әке – отбасының тірегі» атты қалалық әкелер форумы өтті. Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруды,  ата-ананы ортақ алаңға жұмылдыруды, рухани құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен  «Сенімен Болашақ» РҚБ бүгінде еліміздің 18 аймағында филиалдары жұмыс жасауда.

Форум еркін форматта өтіп, қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Және форумда «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Бағжанов Дәурен Орайұлына «Ұрпақ бақытының кепілі-саналы ата-ананың тәрбиесі тақырыбында, «Сенімен Болашақ» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы Бағжанов Дәурен Орайұлына «Ұрпақ бақытының кепілі-саналы ата-ананың тәрбиесінде» тақырыбында, «Ұстаз» институты «Педагогикалық психология» кафедрасының аға оқытушысы Әлмұратов Бақыт Темірханұлына «Қазіргі заман отбасында тұлға қалыптасуында әлеуметтену процесінің орны» тақырыбында сөз берілді.

Пікір білдіруші үшін сахынаға «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі КММ басшы орынбасары Облыстық ата-аналар комитетінің төрағасы Нұрақбаев Ринат Даниярұлы және Тараз қалалық «Әулие - ата» мешітінің бас имамы Аманбаев Ержан Маханұлы сөз сөйледі, спикерлерге әкелер тарапынан сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды.

Сөз сөйлеген спикерлерге «Сенімен Болашақ» РҚБ төрайымы Исмағұлова Жансая Бердімұратқызы және Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Қожамжарова Раушан Пернешқызы тарапынан «Сенімен Болашақ» РҚБ алғыс хатымен марапаттау қағаздары тапсырылды.

 "Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: