Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Көктал Мадияр №28 орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, «Жат діни ағым идеологиясы қалай тарайды» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Ақпараттық жүйе қарқынды дамып жатқан заманда өте сақ болу керектігін, дінді ҚМДБ-ның арнайы сайттарынан, әлеуметтік желілерінен тыңдап, күдікті діни сайттарға жоламау керектігін атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі