Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітінде Қамқор шарапат салттық қызмет көрсету бағыты бойынша жамағатқа кезекті семинар өтілді. Жерлеу рәсімі қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған ережелер жиынтығы.
Қазақ халқының қаза болған адамды жерлеу турасында ғасырлар бойы қалыптасып, тұрмыста бекем орын алған қағида-ережелері шариғат заңдарымен тығыз байланысты.
Қазіргі кездегі жерлеу рәсімінде ұлттық дәстүр ерекшеліктері сақталғанымен, негізінен, шариат заңдылықтары басшылыққа алынады. Сондықтан осы бағытта білімді болу әр адамның міндеті болып табылады.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі