Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат.
Тараз қаласы «Нәметбай» мешітінде Арипжан Ахметов бас имамы жамағатқа жұма назынан кейін «намаз үйрету» курсынан сабақ өтіп жатыр. Жаңадан намаз оқып жүрген бауырларымызға Ханафи мазһабы бойынша намаз оқу әдебі үйретіліп және алдағы уақытта қаланың барлық мешіттерінде жалғасын табатын семинар болмақ.
Алла Тағала Құран кәрімде «Олар ғайыпқа иман келтіреді, намазды толық орындайды, өздеріне берген несібемізден (Алла жолына) жұмсайды»-, деп келтірген.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі