Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінде РАНТ мүшесі, Тараз қалалық мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет құптан намазында мешіт жамағатымен кездесті. Келелі кездесуде ұстаз «Миғраж оқиғасы» турасында насихат айтты. Жамағаттың сан сауалына жауап берді. Ауылдық мешіттің имамы мен жамағаты арнайы ат басын бұрып келген ұстазға алғыстарын білдірді. Миғраж түні, онда болып өткен ғажайып оқиғалар біздерге қашан да ғибрат. Сондықтан біз бұған күмәнсіз иман келтіруіміз қажет. Алла Тағала біздерге Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағатына бөленуімізді нәсіп етсін! Әмин!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі