Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде жас шәкірттер арасында «Құран жарысы» өткізілді. Аталмыш сайыста ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы мен «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай қари мен мешітіміздің ұстазы Жандос Дәулетұлы төрешілік етті.
Қасиетті Құранды жатқа оқыған шәкірттерге қаржылай және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған.
Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кеудесінде Құраннан еш нәрсе болмаған адам қаңырап тұрған үйге ұқсайды», – деген. Сондықтан, жастарымызға барынша Құран жаттап, діни білімдерін жетілдіруді нәсіп етсін дейміз!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі