#Жамбыл: Миғраж түнінің маңызы түсіндірілді

#Жамбыл: Миғраж түнінің маңызы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінде жамағатқа қасиетті түн турасында уағыз айтылды. Бұл түнді қалай өткізу керектігі жөнінде насихат айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Егер «Миғраж түнінде қандай амал істеу керек?» деген сұрақ қойылса, оған Алла Тағаланың меңзеген, көкте ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жасаған сыйын жауап ретінде ұсынар едік. Яғни, кімде-кім осы түнді сауапқа толы өткізгісі келсе, шамасы жеткенше намаз оқысын, «Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқып, мағынасына көңіл жүгіртсін. Сондай-ақ Алла Тағаладан өзіне және барша мұсылман мен ата-анасына, отбасы мен ағайын-туысына кешірім тілеп, дұға жасасын. Өйткені миғраж – Алла Тағаланың мүмін құлдарына кешірім жасаған түн. Миғраж түнінің маңызын түсіндірген ауыл имамы жамағатты қасиетті түнде қапы қалмауға  шақырды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: