Тараз қаласы «Әл Фирдаус» мешітінің ұйымдастырылуымен айлық дастархан өтті. Миғраж оқиғасын насихаттау мақсатында жамағатпен бас қосып Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев сөз сөйледі.
"Миғраж пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ең үлкен мұғжизаларының бірі. Исра мен Миғраж оқиғасы және осы оқиға кезінде бес уақыт намаздың парыз болғандығы ғұламалардың бір ауыздан ижмасы бойынша мутауатир (ең қуатты) дәлелмен бекітілген. Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. Осы түнде періште Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын) пайғамбарымызға: «Ей, Мұхаммед, Алла Тағала ешкімге нәсіп етпеген шарапатты саған нәсіп етпек. Сені құзырына шақырып жатыр», – дейді" - деді имам өз насихатында.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі