Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жұма намазын өткізді. Мешітке келген жамағатқа бас имам Ережеп айындағы қасиетті Миғраж түнінің артықшылығы жайында кеңінен уағыз айтты.
Исра және Миғраж түні ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне исра (яғни түнгі сапар) жасады. Одан миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесіп, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгілерін көріп, бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді. Уағыз соңында, жамағаттың сауалдарына жауап берген аудан имамы бүгінгі қасиетті айдың қадірлі Миғраж түнің құлшылықпен өткізуге шақырды.
Жамбыл адандық мешітінің баспасөз қызметі