Бүгін күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Байзақ ауданының жамағатына уағыз жүргізді.
Жұма намазының алдында көпшілікке Байзақ ауданының жаңа бас имамын таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқыды.
Байзақ ауданының бас имамы болып Қанат Жұмағұл тағайындалды. Дін маманы халыққа танымал уағызшы, РАНТ мүшесі.
Облыс бас имамы Қанат Әділханұлына жаңа жұмысында береке тілеп, ауыл ақсақалдары батасын берді.
Жиында бұл уақытқа дейін өңірдің бас имамы қызметін атқарған Рамиз Азимов алғыс хат және төс белгімен марапатталды. Жамағат имамды алғыстарымен, дұға тілектерімен шығарып салды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі