Тараз қаласы «Әл Әділ» мешітнің ұстазы Ләззәт Уринбекова ҚМДБ «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету (мәйітті жуу, кебіндеу) семинарын өткізді.
Жамбыл облысымыз бойынша «Қамқор-Шарапат» жұмыстары жақсы жүріп жатыр, қәзіргі таңда осындай жағдайларда әйел адамның білімді болуы өте қажеттілік жағдай. Өмір бар жерде өлім бар дегендей адам баласы жақындары немесе мұсылман бауыры дүние салғанда оны кебіндеп шариғат талаптарына сай шығарып салу мұсылмандық міндеті. Алла Тағала құран кәрімде «Әрбір жан иесі өлім дәмін татады» - дейді, олай болса әрбіріміз осы жағдайда сауатты болуымыз маңызды.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті