Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының шақыртуымен ауданға қарасты барлық ауыл имамдарының қатысуымен алқалы басқосу өтті.
Имамдар жиналысында осы 2023 жылғы атқарылатын іс-шаралардың жоспары талқыланып, бес бағыттың жұмысы баяндалды. Жиынды ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы бастап, сөз сөйледі. Сөзінде ауыл имамдарының атқарған қызметтеріне біршама баға беріп, кеткен қателіктер бойынша жұмыс істеуді тапсырды.
Содан кейін, аудандық мешіттің наиб имамы Қуаныш Досымжанұлы сөз алып, бес бағытқа жеке-жеке тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, бес бағыт бойынша жауапты имамдарды бір ауыздан келісіп тағайындады. Жиын соңында ардагер имам Қойшыман ата дұға жасап, барлық әріптесіне осы жылда Алладан сәттілік пен береке тіледі.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі