#Тараз мешіттерінде Түркия мен Сирия үшін дұға жасалды

#Тараз мешіттерінде Түркия мен Сирия үшін дұға жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жұма күні намаздан кейін Тараз қаласының мешіттерінің барлығында бауырлас мемлекеттер Түркия Республикасында және Сирия елінде болған жер сілкінісіне байланысты шын көңілден дұға жасап, жанашырлық білдірді.

Умму Сәләмадан (Алла оған разы болсын). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қандай да бір мұсылманның басына бір бәле келгенде Алла әмір еткен «Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиъун (шынында біз Аллаға тәнбіз және расында Оған қайтушымыз)» деген сөзді айтып: «Уа, Алла! Қасіретім үшін сауап бере гөр! Оны қайырлы нәрсемен ауыстыр», – десе, Алла оны одан қайырлымен ауыстырады», – деді. (Муслим). Сондай-ақ, құлшылық етуші қиындықтар жоқ кезде, аман саулықта да дұға жасауы керек екен. Өйткені, хадисте: «Кімде-кімді қиындық және қайғы басқан кезде Алла Тағаланың оның дұғасын қабыл еткені қуандырса, амандық, игілік кезде де дұға етсін» делінген (Тирмизи, Хаким). Достан дұға деп атам қазақ айтқандай бауырлас мемлекеттерге дұға жасалды.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: