#Т.Рысқұлов: Түркия еліне көмек жіберілді

#Т.Рысқұлов: Түркия еліне көмек жіберілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажының ұйымдастыруымен аудан бойынша Түркия елінде зілзаладан зардап шеккен бауырларымызға қайырымдылық көмек жиналды. Аудан бойынша қайырымдылық көмек арнай жүк көліктеріне орталық мешіттің алдында екі күн бойы азық-түліктей, киім-кешектей және қаржылай жиналған болатын.

Нәтижесінде 1 фура жүк көлігі, 2 газель қайырымдылық көмек заттарына толтырылды. Сонымен қатар, қаржылай ақша миллион теңге шамасында жиналып, муфтияттың зекет және қайырымдылық қорының есепшотына аударылды. Әсіресе, бұл қайырымдылыққа аудан тұрғындары және ауыл имамдарының еңбегі орасан зор болды.

Қазіргі уақытта Сирия елінде жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қолдау ретінде садақа жинау жолға қойылды.

 Қуаныш Тузелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: