Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Қазақдихан ауылындағы «Әкімжан» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Бас имам мешітті зерделеп, ауыл молдасымен сұхбаттасып, тапсырмалар берді. Құптан намазына жиналған жамағатпен кездесіп, уағыз-насихат жүргізіп, намаз өткізіп ауданға қайтты.
Дін жолында қызмет жасап жүрген барша азаматтарымызға Алла Тағала күш-қуат, абырой-бедел берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі