15 ақпанда Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толды. Сұм соғыс жылдарында қарсы келген жаудан жасқанбаған интернационалист жауынгерлер бұл күнде ортамызда жүр. Тарих қойнауына кеткен сұрапыл соғыс бүкіл қазақ еліне салқынын тигізгені белгілі. Талай жас сарбаздар қыршын қиылды.
Осыған орай, Қонаев ауылдық мәлениет үйінде іш-шара ұйымдастырылып, ауғаныстан соғысының ардегерлеріне құрмет көрсетілді.
Аталмыш шарада "Қонаев" мешітінің имамы Ердаулет Құлыбек Құран оқып, марқұмдардың рухына сауабын бағыштады. Соғыс ардагері басынан өткенін баяндап, КСРО бұл соғыста жеңімпаз атанбаса да өз әскерін қазаққа жат емес Ауғанстан территориясында 10 жыл қалай ұстағанын айтып бөлісті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі