Қысылғанда сүйеніш болар, жабыққанда жұбатушы болар жер бар, ол - мешіт. Кім-кімнің болмасын мұқтаждық қабырғасына батқан сәтте мешіттен мейірім күтері анық.
Осындайда қолда барын халқына таратып беретін "Бірлікүстем" ауылдық мешітінде кезекті қайырымдылық жасалды. Бұл игілікке ауылдың жомарт азаматы себепкер болды.
Азаматтың демеушілігімен 55 000 теңгеге бір қой сойылып, еті жеті отбасыға таратылды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі