«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Ата-бабамыз осындай қысқа жіп күрмеуге келмейтін қысылтаяң шақтарда ауызбіршілікті, адалдықты, ынтымақты ту етіп көтерген. Әсіресе, көптің мәселесін қара бастың қамынан жоғары қойған. «Бір үй аш болса, бір ауыл аш, бір ауыл аш болса, бүкіл ел аш» деген қағиданы берік ұстанып, адам тағдыры ұлыс тағдырымен тығыз байланысты екенін қапысыз таныған.
Осындай дінімізге сабақтасқан ата-баба дәстүріне қанып өскен дін мамандарының ұйытқы болуымен 45 000 теңгеге 1 қой сойылып, еті 5 отбасыға таратылды. "Еңбекші" аулдық мешітінің имамы Данияр Исаков көмекті үлестіріп, отбасылардың батасын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі