Ізгілік –адамның басты рухани – адамгершілік құндылығы. Ал бойынша иманы бар жанның ізгілік қасиеті де болары анық. Болашақ ұрпаққа осы қасиетті сіңдіру, тәрбиелеу мақсатында орталық кітапханада дін маманымен кездесу жасалды.
Сауытбек ауылы "Асайын калпе" мешітінің имамы Шаттық Қамаубаев арнайы шақыртумен жиынға барып, мектеп оқушыларымен жүздесті. Имандылық әдептерді айтып, ізгілік, кішіпейілділік, ата-анаға құрмет турасында жастарға ой салды.
"Жүрегінде иманы бар адам еліне, Отанына, отбасына да адал болады" - деп балаларға имандылық тәрбие сағатын жүргізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі