Дұға – бұл мүминнің қаруы, оны барлық жамандықтан сақтайтын оқ өтпес сауыты іспеттес. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендерге дұшпаннан қорғайтын әрі ризықты молайтатын бір нәрсені айтайын ба? Күндіз-түні Аллаһқа дұға етіңдер. Өйткені, дұға - мүминнің қаруы» - деген болатын.
Шу мешіттерінде имамдар мен жамағат Түркия мен Сирияда болған зілзала салдарынан зардап шеккен бауырлас елге жұмада бірге дұға жасады.
Алладан бауырлас елдер үшін жеңілдік сұрап, көпшілік елімізді де мұндай апаттан қорғауын тіледі.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі