Қоғамда жақсылық жасау – имандылық пен ибалықтың, парасаттылық пен жомарттықтың сипаты. Аллаға шүкір, қайырымдылық негізде игі істер қоғамда өріс алып келеді. Жақсылық жасау қолдан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілік жетіп тұрса, әлбетте екі дүниеге игілігі бар істі ертеңге қалдыруға болмайды.
Дана хакім Абай он төртінші қара сөзінде: «Нағыз жүрек ісі - рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» деген. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — дейді дана халқымыз. Қоғамда жабырқаған жандардың қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну әрбір адамның азаматтық және мұсылмандық борышы. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осы орайда, өзіндік ерекшелігі бар ережеп айында Шу ауданы "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың ұйымдастыруымен 50 мың теңгеге 5 отбасыға қайырымдылық жасалды.
Көмек алған отбасылар алғыстарын айтып, баталарын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі