Шу ауданы "Жәми" мешітінде айлық уағыз дастарханы жайылып, жиынға арнайы "Жаңажол" ауылдық мешітінің жамағаты ат артып келді.
Көпшілік алдында имам Мағжан Мұратұлы "Абу Ханифа мазһабының сүннеттен үкім алуы" жайында уағыз айтып, ғалым имам Тахауидің "Мағани әл-әсәр" кітабынан ханифи мазхабы бойынша дәлелдер келтірді.
Сонымен қатар жамағатқа "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы "Ақыреттік амалдар" турасында уағыз айтты.
Дастархан басына жиналған көпшілік Құран оқып, бауырлас Түркия және басқа да жер сілкінісінен зардап шеккен мемлекетіндегі халық үшін дұға жасады.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі