#Шу: Әйелдерге арналған өңірлік форум өтті

#Шу: Әйелдерге арналған өңірлік форум өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Шу ауданы "Жәми" мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстаздарының ұйытқы болуымен "Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі" атты өңірлік форум өтті. 

Ауқымды шараны мешіт ұстазы Лаззат Маханбетова мен Әжелер алқасының мүшесі Хиуа апа жүргізді. Форумда қыз баласының мәртебесі, исламға дейінгі және кейінгі кезеңдердегі әйел адамының күй-жайы сөз болды. 

"Ислам діні арқылы Алла тағала әйел затының мәртебесін көтергені соншалық Құранда "Ниса" сүресі яғни арнайы "Әйелдер" атты сүре жіберіп, тіпті жаннат ананың табанының астында деп құрметін өсірді. Адамзаттың ардақтысы пағамбарымыз (с.ғ.с.) ең соңғы қоштасу құтбасында "Әйелдерін сендердің аманаттарың, аманаттарыңа берік болыңдар" - деп айтып кеткен болатын" - деді ұстаз өз насихатында. 

Ал көпті көрген ақ жаулықты әжеміз Хиуа апа қазіргі қоғам мен бұрынғы қоғамды салыстырмалы түрде мысалға алып, өткен әжелер мен бүгінгі әжелердің өнегесінен мысалдар келтірді. Жалпы, жартылай жалаңаш жүру - қоғамда бүлік тудырушы. Әйелдердің шешінуі қоғамда түрлі азғындық мәселелерді тудырады. Осы тұста Алланың өзі бекітіп берген орамал тартудың маңыздылығы су бетіне қалқып шыққандай анық көрінеді.  

Әйелдер жамағатына мардымды мағұлмат пен көркем насихат болған шара көпшіліктің бауырмалдығы мен өзіне деген құрметін арттырды.

Айта кетейік, жуырда 3 шәкірт шариғат шәлісін оранып, апалардың батасын алды. Форумнан соң қыз-келіншектер дастархан басында бас қосып, бір-біріне сүннет бойынша сыйлық сыйлады. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: