Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының ұсынысымен аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен аудан ақсақалдар төралқысының жиынында аудан тұрғындары Түркия елінінің амандығын тілеп, дүниеден өткендеріне Құран бағыштап дұға жасады.
Меркі ауданы тұрғындары Түрік бауырларымыздың бастарына түскен сынақтарына бейжай қарамайтындығын көрсетіп, аудан орталығында гуманитарлық көмек жинап, үш күннен кейін жолға аттандырады.
Алла Түрік бауырларымызға сабыр берсін, жеңілдік берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі