#Меркі ауданы: Меркі ауданы имамдары Түркия мен Сирия еліне дұға жасады

#Меркі ауданы: Меркі ауданы имамдары Түркия мен Сирия еліне дұға жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы имамдары Түркия мен Сирия еліндегі апатқа байланысты Құран оқып, дұға жасады.

Орталық «Меркі ата» мешітінде имамдар бас қосқан жиында Түркия мен Сирия елдеріндегі апаттан қаза тапқандарды еске алып, апаттан зардап шеккендерге шипа дұға жасады.

Айта кетейік, Түркия мен оған көршілес бірқатар мемлекетте 7,8 балдық жер сілкінісі болып, Түркия мен Сирияда 10 мыңнан астам адам көз жұмды, 35 мыңнан астам адам зардап шекті. Мыңдаған үй мен ғимарат қирады. Үйінді астында қалған, жарақат алған, қайтыс болғандар саны сағат санап артып жатыр. Ал қираған ғимараттар астында қанша адам қалғаны әлі белгісіз.

Апаттан қаза тапқандардың отбастарына және Түркия мен Сирия елдеріне көңіл айтамыз!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: