Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен ауданға қарасты имам-молдалар бас қосты.
Облыста өткен жиында жылдық жоспар бекітіліп, аудан имамдарына табысталған болатын. Сол жиында ҚМДБ-ның бекіткен 5 бағытымен қоса қосымша тапсырмалар берілген болатын.
Орталық «Меркі ата» мешітінде өткен имамдар жиынында облыстан берілген тапсырмаларды таныстырып, бұл тапсырмаларға көңіл бөліп, іске асыру керектігі айтылды.
Имамдарымздың атқарып жатқан ісін Алла сауаптан жазып, Алла дін жолында күш-қуат берсін.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі