Меркі ауданы бас имамы Азамат Берікұлының ұсынысымен аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен аудан имам-молдалары, аудан ақсақалдар төралқысы мен той басқарған асабалардың жиыны өтті.
Жиында жаназадағы ысырапшылдық пен тойдағы әдепсіздіктердің алдын алу сөз болды. Аудан имамы Азамат Берікұлы «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат» және «Асаба болу өз ісің, әдептен озбау борышың» тақырыбында сөз қозғап, шариғаттың талаптарын түсіндірді.
Іс-шара барысында ақсақалдар мен асабалар өз ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі