Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауданға қарасты бірқатар мешіт қызметкерлерін марапаттады.
Бұл марапатқа өткен 2022 жылы дін саласында және мешіт қызметінде белсенділік танытып, ерекше көзге түсіп, жақсы нәтиже көрсеткен имам - молдалардың еңбектері еленіп алғыс хатпен марапатталды. Бас имам Сұлтаншәріп қажы алғыс хатында: «Дін қызметіне адал болып, нәтижелі жұмыс көрсетіп, асқан белсенділік, шынайы ықыласпен асыл дініміздің дамуына қосқан үлесіңіз үшін сізге ерекше алғысымды білдіремін. Жаратушы Иеміз Алла сіздің осындай өнегелі де белсенді істеріңізге разы болып, алдағы атқарар сауапты жұмыстарыңызға береке берсін», - деп баяндалған.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі