Жамбыл имамдары Түркиялық бауырлар үшін дұға жасады

Жамбыл имамдары Түркиялық бауырлар үшін дұға жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған Жамбыл өңірінің қала және аудан имамдары бас қосты. 

Жиында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, көпшілік Түркиядаға оқиғада қаза тапқан бауырларға сауабын бағыштап, бауырлас елдің амандығы үшін дұға жасады.

Түркия мен оған көршілес бірқатар мемлекетте 7,8 балдық жер сілкінісі болып, Түркия мен Сирияда 1000-нан астам адам көз жұмды, 6 мыңнан астам адам зардап шекті. Жүздеген үй мен ғимарат қирады. Үйінді астында қалған, жарақат алған, қайтыс болғандар саны сағат санап артып жатыр. Ал қираған ғимараттар астында қаншама адам қалғаны әлі белгісіз. Елдің қабырғасын қайыстырған зілзаладан Алла аман етсін!

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: