#Мойынқұм: Әйел-қыздарға арналған діни семинар өтті

#Мойынқұм: Әйел-қыздарға арналған діни семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм өңіріндегі «Мойынқұм» мешітінің ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында көптен күткен кездесу жасалды. Нәзік жанды жамағатпен ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Жазира Иманалиева, Шу аудандық «Жәми» мешіттерінің ұстаздары шақырылып, әсерлі семинар өткізілді.

Жиын барысында Жазира Иманалиева сөз алып, жамағаттың көккейінде жүрген сауалдарға ұтымды түрде жауап берсе, Шу аудандық «Жәми» мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы «Баланың дұрыс дамуы» тақырыбында бала тәрбесіндегі аналарға арналған баяндамасын жүргізді.

Білікті де білімді ұстаздарымызға Мойынқұмдық ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыз ақ батасы мен ізгі тілектерін жаудырды.

Аудандық "Мойынқұм" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: