Жамбыл имамдарының алқалы жиыны басталды

Жамбыл имамдарының алқалы жиыны басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Жамбыл өңірінің аудан және қала имамдары мен наиб имамдарына арналған жылдың алғашқы ресми отырысы басталды.

Айтулы шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 5 негізгі бағыт бойынша жылдық жоспар талқыланбақ. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев кіріспе сөзінде діни қызметтің мақсаты мен маңыздылығын еске салды. 

Айта кетейік,  биылғы жылы Дін мен дәстүр, Ізгі қоғам, Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту, Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарына айрықша басымдық беріліп отыр.

Аталмыш бағыттар бойынша және басқа да жұмыс жоспарлары аясында атқарылатын іс-шаралар талқыланып, бағыттар бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелуде.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: