Дін - халықтың өмір сүру салты, ұстанымы, екі дүниенің бақытына жеткізер заңы. Осы орайда, дін саласындағы өзгерістер, жұмыс реті, дамуы әрбір оқырманға маңызды, қызықты.
Бүгін "Ақ жол" газетінің тілшісі Есет Досалы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне арнайы келіп, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтен сұқбат алды.
2023 жылды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жарияланғаны белгілі. Ал осы жылға қандай мақсат қойылып отыр, қандай асулардан асу жоспарда бар? Осы жайында баяндап, сұқбат берген бас имам биылғы негізгі 5 бағытты тілге тиек етті. Атқарылатын жұмыстар, оның мақсаты мен міндеттері сөз болып, өткен жылы көрсетілген нәтиже мысалға алынды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі