Тараз қаласы «Әл-әділ» мешітінің әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен 2 отбасыға қайырымдылық жасады.
Он баласы бар отбасыға азық-түлік, киім-кешек және ақшалай көмек көрсетілді. Және де онкологияда қатты ауырып жатқан, мүлде қаржысы жоқ анамызға ақшалай көмек көрсетілді.
Шараны ұйымдастырып, ұйытқы болған мешіт ұстазы Лаззат Уринбековаға отбасылар алғысын айтты.
Тараз қаласы «Әл-әділ» мешіті