#Тараз қаласының бас имамы мешіттерді аралады

#Тараз қаласының бас имамы мешіттерді аралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Бүгін Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев бесінші аймаққа қарайтын мешіттерді аралап, мешіттердің тыныс тіршілігімен танысты.

Зиярат етудегі мақсаты - қаланың имамдарымен тығыз жұмыс жасау және бағыт-бағдар беріп отыру. Мешіттерді аралау барысында жалпы тазалыққа, мешіттің ішкі тәртібіне, мешітте тұрған оқулықтарға қатты көңіл бөлінді.

Соның барысында екі мешітке әйелдер намазханасы мен дәретхана тазалығына ескерту берілді. Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі болып табылады. Сондықтан Алла елшісі ﷺ: «Дін – бұл тазалық», - деп өз үмметіне айтып кеткен.

Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: