Жамбыл облысының полиция департаментінде «Әл Фирдаус» мешітінің имамы Алмас Кенжемолдаев қазіргі таңдағы өзекті мәселе суицид тақырыбында насихат жүргізді.
Құранда Алла Тағала: «Өз-өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят). Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис шәріптерінің бірінде: «Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол затпен азапталады», – делінген.
Бүгінгі күнде көптеген қиыншылықтарға төзе алмай адамдар Алланың аманат етіп берген жанын өз қолдарымен қиып жатады. Өмір күрестен тұрады, Шерхан атамыз айтқандай: «Бір кем дүние, біреуде бар біреуде жоқ» - деп, Алмас имам өзінің насихатында полиция қызметкерлеріне дініміз қайраттылыққа, жігерлікке ундеп, адамның өз өзіне қол жұмсауын емес керісінше тығырықтан жол іздеуді үйрететінін баяндады.
Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Қараша 2025
21 Джумада-авваль 1447

