Жамбыл имамдары төралқа жиналысына онлайн түрде қатысты

Жамбыл имамдары төралқа жиналысына онлайн түрде қатысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісі басталды. Кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне бағдарлық баяндамасын жолдап, 2023 жылды «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялады.

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітіне Жамбыл облысының қала, аудан имамдары жиналып Елордада өтіп жатқан төралқа мәжілісіне онлайн түрде қатысты. 

Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев арнайы барып қатысты. Шараға сонымен қатар Діни басқарма қызметкерлері, өзге де облыстардың бас имамдары, медресе-колледж директорлары, имам-ұстаздар қатысуда.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: