#Тараз: Әйелдер жамағаты әр аптада Құран хатымын түсіруде

#Тараз: Әйелдер жамағаты әр аптада Құран хатымын түсіруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Кеңесхан қажы" мешітінің әйелдер жамағаты 1 аптада 2 Құран хатымын түсіруді игі әдетке айналдырған. Сондай-ақ ай сайын бас қосып, құдайы тамақ тарқатады.

Бүгін Салтанат апа бастаған жамағат бір айда Құран хатымын түсіріп, тиләуәт жасады. Қатым дұғасын жасау жиынына жиналған әйелдер дастархан басында ел амандағы, тәуелсіздігіміз, Алланың мейірімін сұрап дұға жасады. 

Ертеректе қазақ дәстүрінде алыстан білігі мен білімі жоғары молда-қажыларды арнайы алдыртып, хатым оқытатын болған. Тіпті, топырағы кеппеген марқұмдарға ғана емес, дүниеден өткеніне жылдар өтсе де рухына хатым оқитын болған. Құран Кәрімді қырық күнде хатым ету мұстахаб, яғни сауапты іс. «Бес уақыт намаздан кейін жасалған дұға сияқты, хатымнан кейін жасалған дұға да қабыл болады» делінген Табарани жеткізген хадисінде.

Дінімізді өзіне сіңдірген дәстүрмізде де бағалы болған Құран хатым дұғасын жасау жиыны жамағаттың иманын да, бірлігін де арттыруда.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: