#Тараз шаһарының бас имамы қала имамдарымен жиналыс өткізді

#Тараз шаһарының бас имамы қала имамдарымен жиналыс өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан  Аманбаев қаланың бес аймағына жауапты имамдарға жиналыс өткізді.

Аталған жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жеті бағытына байланысты тапсырылатын есептің жоғары деңгейде болуын түсіндірді. Қаланың бес аймағына жауапты имамдарды бекітіп, оларға өз қарамағындағы мешіттердің жұмысын қадағалауды және жұмыс жоспарын бекітуді талап етті.

Нақты айтқанда, уағыз-насихат бағытын күшейтуді, дін мен дәстүр бағытын қолға алуды және жастар мен қоғам мәселесіне көңіл бөлуді талқылады. Діни экстремизімнің алдын алу және кадр мәселесі турасында сөз қозғалды.

Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: