#Шу: Курс шәкірттерінен кезекті білім тесті алынды

#Шу: Курс шәкірттерінен кезекті білім тесті алынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы шәкірттерден құлшылыққа қатысты тест алды.

Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында білім алып жатқан қыз-келіншектер мен әжелердің алған білімдерін тексеру мақсатында мұндай сынақ жиі ұйымдастырылып тұрады. "Бұл  әдіс арқылы әркім өз біліміне баға беріп, білмеген дүниелерін үйренуге тырысады" - дейді ұстаз. 

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Пағамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз, – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған.

Қасиетті Құранның алғашқы түскен аяты білім алуға шақырды. «Иқра!» (Оқы!) деп басталған сөз «оқу мен жазуды игер» деген мағынаны береді.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: