Бүгін "Әбдірашит ата" мешітінің имамы Ахат Қайыпбергенұлының ұйымдастыруымен мешітіміздің жамағаты осынау қыстың қақаған үскірік аязына қарамай, қаламыздың тазалығына қызмет жасап жүрген жандарға жылу сыйлады.
Қаламызды тазалап жүрген әпке-ағаларымызға ыстық шай, самса-бәліштерін беріп, күннің суығына аяқтары жылы жүрсін деген ниетпен шұлық та таратылды. Ахат Қайыпбергенұлы Аллаға ең ұнамды амал - жүректерге қуаныш сыйлау екендігін айтып, осы игі іске атсалысқан жандарға алғысын білдірді.
Аталмыш қайырымдылық шарасында бас-аяғы 50 кісіге жылулық пен жақсы көңіл-күй сыйланып, қайырымдылыққа жалпы 37 мың теңге қаражат жұмсалды.
"Әбдірашит ата" мешітінің баспасөз қызметі.