Талас ауданы, Қаратау қаласында "Әбдірашит" ата мешітіне жаңа имам тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Бұған дейін Ахат Қайыпбергенұлы аудандағы «Қаратау Қажы би» мешітінде 5 жыл ұстаздық қызметін атқарған. Бас имам ұстаздың қажырлы қызметіне баға беріп, имамдық қызметті де табысты атқарарына сенім білдірді.
Талас аудандық «Қаратау Қажы би» мешітінің баспасөз қызметі